Түрік этномәдени бірлестік өнерпаздары өнер көрсетті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында онлайн режимде «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшелері қалың көрерменге өнерден шашу шашты. Мұнда өнерпаздар түрік халқының ұлттық аспаптары керней мен дауылпаздан музыкалық сәлемдедеме жолдады. Жалпы, музыкалық аспаптарымыздың тарихына үңілсек, ежелгі Тұран даласын мекен еткен көшпелі түрік халықтары өз жауынгерлік дәстүрінде басқа халықтар секілді әр түрлі музыкалық аспаптар қолданған. Дауылпаз, дабыл секілді аспаптар арқылы бабаларымыз майдан даласында әр түрлі дыбыстық белгілер жіберіп, «жау келді», «дұшпан шегінді» дегенді ескертіп отырған. Уақыт өте келе, керней, дауылпаз секілді аспаптар түрлі жиындар мен мерекелердің, басқосулардың алдында ойналатын болған.