ШЫМКЕНТТЕ 40 МЫҢ 586 АЗАМАТ 42 500 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДІ АЛДЫ
Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Шымкент қаласының 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды.Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Шымкент қаласының 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша елдегі жарияланған ТЖ кезіндегі 42 500 тг әлеуметтік жәрдемақыға жергілікті атқарушы орган арқылы 7 098 адам өтініш білдірген. Оның ішінде: — қабылданған өтініштер — 4 410 (2 688 өтініш өңделуде)- қабылданбаған — 1832 (құжаттардың толық еместігінен)- мәліметтердің тексерілу жұмыстарында — 754- тағайындалғаны — 1824- төленгені — 729 (10 сәуірге дейін).