Шымкент қаласында 5 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді
Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны 24 жасар азамат, Жетісай қаласынан тіркелген науқаспен 23 наурызда Петропавл-Қызылорда пойызымен бірге келіп, байланыста болғандықтан 2 сәуір күні оқшауланып, провизорлық стационарға жатқызылған. Тест сынамалары инфекцияға оң нәтиже көрсеткендіктен 5 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Науқастың жағдайы қалыпты.
Қазіргі таңда қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, қаладағы Желтоқсан көшесі, 3 А үй карантинге жабылды. Науқаспен байланыста болған 7 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның бесеуі отбасы мүшелері).
Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.