Əл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары «атты шығармасы оқушыларға ұсынылды

Шымкент қаласының білім басқармасының Əдістемелік орталығының əдіскері Ибраева Р.С. жəне Төлеген Тəжібаев атындағы 47 мектеп -гимназия əкімшілігінің ұйымдастыруымен ойшыл, дана, ғалым Əл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына орай «ƏЛ-ФАРАБИ жəне ƏЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ » тақырыбында аймақтық конференция өтті.
Өткізілген іс-шараның мақсаты : -Елбасының «Рухани жаңғыру » жəне «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында еліміздің ұлы тұлғасын насихаттау;
-Əбу Насыр Əл-Фарабидің ғылыми -қоғамдастықпен əлемдік деңгейдегі еңбектерін таныту;
-Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтахановтың «Шымкент -қайырымды қала » жобасына қолдау көрсету;
-Əл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары «атты шығармасын жас ұрпаққа зерделеуге ұсыну;
-Ұлы ғұлама бабамыздың ғылымның бірнеше саласына қосқан үлесін насихаттау;
-Əбу Насыр Əл-Фарабидің адами құндылықтарына арқау болған мұралары арқылы жас жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу.
Өткізілген аймақтық конференцияға аса қадірменді қонақ ретінде ОҚМПУ -нің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исабек Б Қ, «Қазақстан тарихы жəне қоғамдық пәндер «кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Сыздыкова Г.М , «Отырар «қалалық ғылыми -əмбебап кітапханасының басшысының орынбасары Алпысбаева Г.Б, «Отырар «қалалық ғылыми -əмбебап кітапханасының музейінің басшысы, тарих ғылымдарының магистрі Оралова А  қатысты.  Аталған іс-шараға Əл-Фараби ауданына қарасты қала мектептерінің тарих пəні мұғалімдері жəне жоғары сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында ұлы ғұлама Əл-Фараби туралы деректі фильм көрсетілді, мектептің сахнасында жоғары сынып оқушылардың қатысуымен театрланған қойылым көрсетілді жəне мектептің өнерпаз оқушылардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444