Е. Сатқанбаев: ҚАЛЫС ҚАЛҒАН БІР ДЕ БІР АЗАМАТ БОЛМАУЫ ТИІС!

Е. Сатқанбаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:

 

— Біздің де үлкен мәселемізге айналған бұл жаһандық зауалды тоқтату мақсатында ел Үкіметі тиісті жұмыстарды жасап, маңызды шешімдерді қабылдап жатыр. Осынау сын сағатта Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтан бастап еліміздің қарапайым тұрғындарына дейін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, қолдан келген жақсылықты жасап, қол ұшын созып жатыр. Ақиық ақын Мұқағалидың «Отан, Отан бәрінен биік екен…» деп жырлағандай, осы бір сын шақта Отанымызға деген сүйіспеншілігін танытуда қалыс қалған бір де бір азамат болмауы тиіс. Барлық қиындықты ел бірлігінің, ауызбіршілігі арқылы жеңеміз. Өзіміз де сақтық шараларына немқұрайлы қарамай, дәрігерлердің барлық талаптарын орындап, сақ жүруіміз маңызды. Елде енгізілген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау арқылы сіз өзіңізді және жақыныңызды қорғап қаласыз. Бұл — уақытша ғана қиыншылық деп, мұны да жеңіп, ел қалыпты тынысына жетеді деген сенімдемін. Осындай қиын-қыстау кезеңде барлығымыз жұмыла бір-бірімізге қолдау көрсете білсек бізді алатын індет жоқ екенін айтқым келеді!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444