ШЫМКЕНТ: БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындардың арасында көптеген сұрақтар туындауда. Денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, азық-түлік бағасына қатысты және т.б. сауалдарға шұғыл жауап беріп, дер кезінде шешім қабылдау үшін Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан бірыңғай байланыс орталығы ашылды.

– Бұл байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Аталған орталықта 6 қызметкер қоңырауларға жауап беріп отырады. Олардың жұмыс кестесі таңғы сағат 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін созылады. Түнгі уақытта екі адам кезекшілікке қалады,- дейді Шымкент қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов.

Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 39-50-55.

Осы нөмірге хабарласып, сұрақтарға жауап ала аласыздар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444