БІРЛІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ ЖОЛЫНДА
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай мақалада бүгінгі өзбек диаспорасының келбеті, сондай-ақ, тоқсаныншы жылдардың басында құрылған өзбек мәдени орталығының тарихы айтылған. «Әлем жұртшылығы мойындаған бейбітшілік пен ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлестіруші рөлі негізіндегі ұлттық мәдени орталықтардың қызметі ерекше орын алады» дейді Қазақстан өзбектері “Дўстлик” Ассоциациясы жанындағы Ғылыми кеңес төрағасы Неғматжан Алметов.
Шымкент қаласында өзбек мәдени орталығы жиырма бес жылдан аса уақыт көлемінде әр түрлі бағыттарда табысты қызмет жасады. Жиырма бес жыл ішінде жүздеген әр түрлі деңгейдегі мәдени іс-шаралар, қайырымдылық акциялары, халықаралық делегациялармен кездесулер өткізіп, білім мен мәдениет саласындағы жобаларды іске асырды. Өзбек этносы өкілдерінің жаңа қоғамға интеграциялануы, Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы үдерістерінде белсенді қатысуларына, өзбектердің Қазақстан халқы құрамындағы этностар қатарында лайықты орын алуына рухани негіз жасау миссиясын абыроймен орындап келеді.
Бірлік және қоғамдық келісім Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарының бірі. Қазақстан көп этносты және көп конфессиялы мемлекет үшін Ел бірлігін сақтау, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету өте маңызды мәселе екендігін ескере, Елбасы Н.Ә.Назарбаев егемен мемлекет іргетасын қалауда ұлттық саясаттың негізгі принциптерін нақты белгіледі және оларды іс жүзіне асыруға қажетті қоғамдық тетіктерді қалыптастырды.
Әлем жұртшылығы мойындаған бейбітшілік пен ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлестіруші рөлі негізіндегі ұлттық мәдени орталықтардың қызметі ерекше орын алады.
Қазақстан халқы жалпыұлттық құндылықтарының басымдылығы негізінде әрбір этностың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту ұлттық мәдени орталықтар қызметінің негізгі міндетіне жатады.
Оңтүстік өңірі – республикадағы өзбектер шағын тұратын өңір болып табылады. Өзбектер бұл өңірде ғасырлар бойы мекендейді.
Неғматжан Алметов, педагогика ғылымдарың докторы, профессор, Қазақстан өзбектері “Дўстлик” Ассоциациясы жанындағы Ғылыми кеңес төрағасы,
Шымкент қаласы