“МӘҢГІЛІК ЕЛ” ИДЕЯСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ
Тәуелсіз Қазақстан қол жеткізген жетістіктерді сақтау, одан әрі нығайту, әлемнің ең дамыған отыз елдері қатарынан еліміздің лайықты орын алуы өскелең ұрпақты елжандылық, жоғары адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу міндеттерімен заңды байланыста. Идеялық-саяси бағытталған, қазақ халқының көпғасырлық рухани-адамгершілік және патриоттық құндылықтарына негізделетін тәрбие ғана біздің баршамыздың бір ғана Отанымыздың шын азаматтары болатын тұлғаларды қалыптастырады.
1990-жылдардағы тәрбие тұжырымдамалары кеңестік тәрбие қалыптарынан барынша арылу үшін одан мүлдем айрықша, теріс бағыттар мен тәсілдерді пайдалануға бағдарланды. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру демократия мен гуманизм қағидаттарына негізделіп, ұжымдық тәрбиенің орнын тұлғаға бағдарланған даралық тәрбие құндылықтары иеледі. Тәрбие жұмысында белгілі дәрежеде Батыстың еркін тәрбие идеялары ұстанымдары орын ала бастағандығы да сыр емес.
Әрине, гумандық, демократиялық және тұлғаға бағдарланған тәрбиенің тоталитарлық идеологияға негізделген тәрбиеден артықшылықтарын мойындамау мүмкін емес. Бірақ тәрбие ісі қоғамның идеологиялық-саяси құндылықтарынан тыс қарастырылуы бұл кездегі тәрбие тұжырымдамаларының басты қателігі деу мүмкін. Бір жағынан тәрбиені саясаттандырмау демократиялық ұстаным ретінде көрінседе, идеялық бағытталмаған тәрбиенің әлсіздіктері соңынан байқала басталды.
Тәрбие адамды қоғамдық табысты өміре дайындайды. Қазақи құндылықтар тұрғысынан адам тек өзі үшін өмір сүрмейді. Ол отбасын, балаларын, ауылын, қаласын, Елін қамын жейтін, оның гүлденуі үшін барынша күш-жігерін, білімін жұмсайтын, өз Отанының нағыз азаматы болуы тиіс. Мемлекет идеологиясы мен саясатына бағдар алмайтын тәрбие өз елінің патриотын, азаматын тәрбиелей ала ма?
Педагог-ғалымдар жастар тәрбиесі мен байланысты, біз алдынғы кездерде кездеспеген көптеген мәселелердің себептерінің бірі – «қоғамда идеологиялық вакуум» пайда болуынан деп біледі. Кеңестік идеология жарамсыз жайға келді, ал оның орнын толтыратын, жаңа демократиялық қоғам талаптарынан сай идеология бірден қалыптасқаны жоқ. Бұл жайт оқушы-жастар тәрбиесінде тәрбиенің идеологиялық-саяси бағытталғандығы принципін іс-жүзіне асыруға бөгет жасады.
Бүкілқазақстандық “Мәңгілік Ел” идеясы тәрбие жұмысындағы дәл осы жетіспеушілікті толтырады. “Мәңгілік Ел” идеясы оқушы-жастарды азаматтық тәрбиесі, адамгерішілкке, патриоттыққа тәрбиелеудің рухани, идеялық-саяси негізі. Қазақтың тәрбие құндылықтарының түп-тамыры бір неше бұрынғы ғасырларға барып тағалады. Ата-бабаларымыз жаратқан қоғамды біріктіру, елді қорғау және дамыту, өзге елдер мен халықтар арасында лайықты орын алуға бағыт-бағдар беретін идея бүгінгі таңда әлемдегі елу елдің қатарына еніп, одан алға сенімді қадам тастап отырған ана Қазақстан үшін рухани арқау. “Мәңгілік Ел” идеясы көпғасырлық қазақ мемлекеттілігі идеологиясының Жаңа Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері мен дамуының стратегиялық мақсаттарына сай жаңғыртылған көрінісі. “Мәңгілік Ел” идеясы – қазіргі оқушы-жастар тәрбиесінің идеялық-саясы негізі.
Президенттің Қазақстанды өркенденту жолындағы Бес халықтық реформасында «Мектептерде бүкілқазақстандық “Мәңгілік Ел” идеясының құндылықтарын оқыту бағдарламасына енгізу қажет», — делінген.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осы мәселені іс-жүзіне асыру бойынша педагогикалық ұжымдар алдына нақтылы міндеттер қойылған. Атап айтқанда, бағдарламада «Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру» алға міндеті қойылып, «адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады»,- деп жазылған .
“Нұрлы Жол –Болашаққа бастар жол” Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында “Мәңгілік Ел” ұғымына мынадай сипаттама берілген: «Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі…XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!».
“Мәңгілік Ел” ұғымының түпкі мағынасына тоқтала, Елбасы «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдыретті ұғымға сыйып тұр…Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейнгі ұрпаққа аманат етіп табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!», — деген сөздерді айтады.
Президенттің Қазақстанды өркенденту жолындағы Бес халықтық реформасында Мәңгілік Ел құндылықтары арқауындағы жұмылдырушы құндылықтарға тоқталып, оған «азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық пен білімді қастер ету, зайырлы ел – тағаттылық елі» құндылықтарын кірістірілген.
“Мәңгілік Елдің” 7 басты құндылықтары ретінде:
- Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі;
- Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;
- Зайрылы қоғам және жоғары руханилық;
- Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсім;
- Жалпыға ортақ еңбек қоғамы;
- Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
- Ұлттық қауыпсіздік және біздің еліміздің жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы атап көрсетілген .
Мәңгілік Ел құндылықтарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің педагогикалық шарттары
- Идеялық-адамгершілік тәрбиенің әрекеттік және тұлғалық-бағдарлылық сипатта болуы;
- Тәрбиеге кешенді тұрғыдан келу;
- Кең ауқымды пәнаралық байланыс және интегративтік тұрғы;
- Мұғалімнің жоғары идеялық-саяси және идеялық-адамгершілік деңгейі;
- Қоғамдағы патриоттық акциялармен тығыз байланыс.
Мәңгілік Ел құндылықтарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірудың бағыттары
1) Оқыту мазмұнын Мәңгілік Ел құндылықтарына бағытталғандығы;
2) Оқу үрдісінің құндылық бағдарлылығы;
3) Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыс мазмұнын жаңғырту;
4) “Мектеп-отбасы-қоғам“ ынтымақтастығының жастарды жалпыұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағытталғандығы.
Мәңгілік Ел құндылықтарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірудегі мәселелер
- білім беру міндеттерінің тәрбие міндеттерінен басымдығы;
- мектепте еңбек тәрбиесінің әлісіздігі;
- ақпараттандыру құралдарының оқушылар санасына теріс әсерлері;
- оқушы-жастар идеялық-саяси тәрбиесі жүйесінің заман талабынан артта қалуы;
- қоғамда кездесіп түретін ересектердің теріс үлгілері;
- оқушы-жастар санасында рухани және материалдық құндылықтардың бірдей маңызды бағаланбауы;
- тұтынушылық райларының күшеюі;
- Шет елдік “арзан” өнер, мәдениет туындыларының ұлттық мәдениет кеңістігінде кең орын алуы.
Мәңгілік Ел құндылықтарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру-мұғалімдерді идеялық-адамгершілік сендіру әдістерін пайдалануға даярлауды қажеттейді. «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын оқушы-жастар бойына дарыту мұғалімнен идеялық-саяси тұрғыдан сауаттылықты, педагогикалық әсер ету және әсерлесу, әсіресе оқушылар санасын қалыптастыру әдістерін жете меңгергендікті талап етеді.
Әдетте «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтары жалпы білім беретін мектептердің білім беру мазмұнындағы гуманитарлық пәндер бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Дегенмен, «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарына бағдар алмайтын бірде бір бағдарлама болмауы керек. Табиғи-математикалық бағыттағы немесе көркем-эсетикалық, технология және дене тәрбиесі пәндерінде де «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын ендірудің мүмкіндіктері жоғары. Мұғалім сабақ тақырыбына сәйкес жалпыұлттық идеологиямыздың ұстанымдарын оқушыларға қолжетімді түрде, нақтылы тәжірибелік, өмірлік деректерде пайдаланып түсіндіруі ғана емес, балаларда адамгершілік-патриоттық сезімдерді пайда болуына оң әсер ететін тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолдануы зеру.
Сендіру әдісі «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын оқушылар бойына дарытудың тиімді құралы. Бірінші кезекте мұғалімнің сөзі сенімді болуы керек. Мәңгілік Ел туралы айтылатын әр бір сөйлем, пікір нақтылы тарихи, өмірлік деректермен дәлелденуі қажет. Бала «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарының түпкі мән-мағынасын, шығу тегін, бүгінгі қоғамдық өмірдегі өзектілігін, таяу және алыс болашақ үшін маңыздылығын жақсы пайымдап алуына қол жеткізуі қажет. Бұл ой-пікірлерді оқушыға міндеттеу емес, оған қызықты әрі тартымды мәлімет түрінде жеткізіп, баланың озы керекті қорытындылар мен тұжырымдар шығарып алуын қамтамасыз етуі зәру. Идеялық-саяси білімдерді меңгерту пікірталас, танымдық ойындар, ал жоғары сыныптарда оқушылардың топтық жобаларды қорғауы, видеоконференция, дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылуы жақсы нәтижелер береді. Мәселе баланы басын саяси қағидаттармен толтыру емес, оның «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын қарпайым, түсінікті, функционалдық бағытталған түрде меңгертуде екендігін мұғалім әрқашанда ескеруі керек. Алынған білімдер әлбетте тәжірибелік тұрғыдан пысықталуы қажет. Сондықтан балалар сабақта және сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларда «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын ендірумен байланысты тапсырмаларды орындау, жаттығулар жасауы нәтижелі болады. Балалар қоғамдық ұйымдары («Жас Ұлан», «Жас қыран») осы мәселеге атсалысуы сөзсіз.
Мәңгілік Ел құндылықтарын ендіру оқушыларда ата-бабалар, аға ұрпақ алдында борыш, Отан алдында жауапкершілік сезімін, өзін азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің құрушысы ретінде бағалау, мемлекетті нығайту ісіне адал қызмет етуін қамтамасыз етеді. «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын ендіру мектептегі тәрбие жұмысының барлық бағыттарын қамтиды, оған идеялық әлпет, бағыт-бағдар береді. Сондықтан мектеп және сынып тәрбие жүйесін жоспарлауда «Мәңгілік Ел» идеясы құндылықтарын жүйелі түрде ендіру мәселесіне мектеп әкімшілігі қызметшілері де, педагогикалық ұжым мен ата-аналар белсенділері де ерекше назар аударуы қажет.
Хавазметов З.Ю. — Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі, Шымкент қаласы.