«АДАЛ КӨМЕК» НАУҚАНЫ КИЕЛІ ӨҢІРДЕ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Ағымдағы жылғы 29 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен өңір жұртышылығына «Адал көмек» науқаны аясында тегін заңдық кеңес көрсетілді.
Игілікті шараның негізгі мақсаты — азаматтарға құқықтық көмек көрсету арқылы алаңдатқан мәселерінің шешу жолдарын қарастыру және заң аясында бағыт-бағдар беру.
Тұрғындарға кеңес беруге бірқатар білікті мамандар, мен заң өкілдері қатысып, «Адал көмек» науқаны жалпы саны 25 адамды қамтыды.
Науқан аясында мамандар кеңесіне жүгінген жұртшылықтың басым көпшілігін жастар қауымы құрады. Олар зияткерлік меншікті қорғау, әлеуметтік, жер, тұрғын-үй, жеңілдікпен несие алу сынды мәселелермен келіп, мамандардан толымды заңдық кеңес алды.
Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде киелі өңір тұрғындары түйткілді сұрағына жауап алып, толық мәліметке қанықты.
Айта кетсек, ақысыз жүргізілген «Адал көмек» беру науқаны алдағы уақытта да өңір жұртшылығына көрсетілетін болады.