Жалпыұлттық бірліктің заңнамалық тұғыры түсіндірілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы құқық қорғау органдарымен бірлесе жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің заңнамалық тұғырын ілгерілету, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатындағы кездесулерді ұйымдастырды.
Кездесулер барысында белгілі ғалымдар, сарапшылар, қалалық ассамблеяның басшылық құрамы, құқық қорғау органдарының жауапты қызметкерлері сөз алып, этносаралық төзімділіктің қазақстандық моделіне негіз болған құқықтық нормалар жөнінде түсінік берді, іс-шараға тыңдаушы ретінде қатысқан учаскелік полиция инспекторларына әдістемелік көмектерін ұсынды.
Жүздесулер барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов халықпен етене жұмыс жүргізу уәкілеті берілген учаскелік полиция инспекторлары өз қызметінде Конституция нормаларын, заңнама талаптарын бұлжытпай орындауы керек екендігіне назар аударып, тұрғындар арасындағы құқықтық мәдениетті жетілдіруге күш біріктіруі тиіс екендігін айрықша атап өтті.
Алдағы уақытта мұндай кездесулер ассамблея алаңдарында жүйелі жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444