ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ RAMADA ЖЕЛІСІНДЕГІ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
#Қайырымды_қала_Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесіне орай әлемге әйгілі америкалық Ramada желісінің қонақ үй кешені ашылды.
Төрт жұлдызды халықаралық премиум-классты қонақ үйдің ашылу салтанатына қала әкімі Erlan Aitakhanov арнайы қатысып, инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды құттықтады. Әкім қонақ үйдің шаһарымызда бой көтеруі қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция екеніне ерекше тоқталды.
«Бүгінгі таңда қонақжайлық индустриясы экономика дамуының әлеуетті және болашағы зор салаларының бірі болып саналады. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды тетігі. Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту бойынша көптеген қолдау көрсетілуде. Кәсіпкерге осы істі дамыту үшін «Даму» қорынан қаржылай көмек берілгенін де айтқым келеді», — деді Ерлан Қуанышұлы.
2200 жылдық тарихы бар көне шаһарға 2020 жылы #ТМД_ЕЛДЕРІНІҢ_МӘДЕНИ_АСТАНАСЫ мәртебесі берілуіне орай туристер көптеп келетінін айтқан қала басшысы туристік инфрақұрылымды барынша жақсарту қажеттігін атап өтті.
Әлемдік желідегі «Ramada» қонақ үйі Алматы қаласынан кейін Шымкентте салынып отыр. Қонақ үйді инвестор жергілікті биліктің көмек-қолдауымен екі жыл ішінде көтерді.
Барлық талаптарға сай келетін қонақ үйде 89 бөлме болса, оның бесеуі — VIP бөлмелер. Сонымен қатар мұнда SPA салоны, фитнес клуб, массаж, бильярд, 2 мейрамхана, караоке бар және түнгі клуб орналасқан.
Айта кетейік, әлемнің 63 елінде аталған франшизамен ашылған 800 қонақ үй бар.