Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарының бірі — жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу

Бүгінгі күні Қазақстан халқының бірлігін, тұрақтылығын және келісімін нығайтудағы Ассамблеяның рөлін арттыруға бағытталған 2002-2011 жж. Қазақстан халқы Ассамблеясының Стратегиясы табысты түрде іске асырылды.

Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарының орындалу нәтижелері мыналар: азаматтық бейбітшілік пен келісімді, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету; этносаралық қатынастардың үйлесімділігі негізінде қазақстандық сәйкестікті қалыптастыру; қазақстандық патриотизмді, қазақстандықтардың рухани-мәдени ортақтығын нығайту; жастардың әрбір келер буынын қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жүйесін жасау.

Нәтижесінде стратегия демократияландыру мен қоғамды әрі қарай шоғырландыру негізінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444