Студенттерге сот жүйесінің заманауи жаңа форматы таныстырылды

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті студенттерінің қатысуымен пресс-тур және ашық есік күні өтті.
Іс шарада Шымкент қаласы Қаратау аудандық соттың төрағасы Ермахан Рахманберді «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ГҮЛДЕНУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын баяндап, соның ішінде білім беру сапасын жақсарту, отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру сияқты бөліктеріне ерекше тоқталды.
Сонымен бірге, Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Жандос Қосалбаев студенттерге қолданыстағы сот жүйесінің заманауи жұмыс форматымен және жаңа электронды сервистердің жұмысымен таныстырып, талап қою арыздарын электронды түрде беру, сот актілерін электронды түрде алу, кез келген жерден сот мәжілісіне смартфон арқылы қатысу және басқа да жаңа технологиялар мүмкіндіктерін атап өтті.
Қатысушылар қолданыстағы сот жүйесінінің заманауи жұмыс форматымен танысып, жаңа электрондық сервистері туралы ақпарат алды.
Олар сот мәжіліс залында, сот мәжілісінің хатшысы кабинетінде болып, сот жұмысының барысын көрді. Виртуалды сот процеске қатысып, «Сот кабинеті» сервистерінде, «Сот актілерінің дерекқоры» порталында жұмыс істеу барысымен танысты.
Іс-шараға қатысушылар сот ұжымына алғысын айтып, соттағы тур қызықты әрі пайдалы болғанын, дамыған технологиялар дәуірінде сот жүйесінің де аяқ алысының заманға сай екені көңіл қуантатынын айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444