«Мен өз елімнің парасатты ұрпағымын» атты «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау салтанатты жиыны өтті
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру» мақсатында «Мен өз елімнің парасатты ұрпағымын» атты «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау салтанатты жиыны өтті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері Қазақстан Республикасының патриоты болуға, мемлекетіміздің дамып, көркеюіне тежеу болатын сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, құқықтық сананы қалыптастыруға, Отанға адал қызмет етуге «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға, құқықтық негіздерді игеру мен құрметтеуге, әділдік пен тәртіп, жауапкершілік қасиеттерін насихаттауға, білімге табандылықпен ұмтылуға насихаттады.