«КИМЭП» университеті шымкенттік жастарға 20 оқу грантын ұсынды

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай «КИМЭП» Университеті» АҚ президенті Бэнг Чай Йан мырзамен кездесті.

Бүгінгі күнде елімізде білім беру саласын дамытуға аса назар аударылуда. Айта кетсек Шымкент қаласында 169 білім беру ұйымдары бар.

Кездесу барысында университет Президенті Чан Йан Бэнг мырза Шымкент қаласының білімді де, талантты оқушыларына университет атынан 20 грант ұсынды.
Сонымен қатар, түрлі саладағы басшылық лауазымдағы қызметкерлерге біліктілікті арттыру мақсатында грант бөлу мәселелері талқыланды.

Басқосуда аталған университет президенті бакалавр дәрежісінде білімін аяқтаған мамандарға магистратура, докторантура дәрежесі бойынша КИМЭП университетіне оқуға түсуге шақырды.

Жыл сайын қаламызда 8 мыңға жуық түлек мектепті бітіреді. Оның 70 пайызы грант және ақылы негізде жоғары оқу орындарына түседі.

КИМЭП Университеті Қазақстанда мәртебесі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Шымкент қаласынан жылына 50-ге жуық оқушы аталған университеттің студенті атанады.

Шымкент қаласының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *