Отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық жасаған 79-тұлға жауапкершілікке тартылды

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін көтеру мақсатында 2019 жылғы 25 қарашадан 10 желтоқсан аралығында, Шымкент қаласы аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізіліп, қала аумағында билбордтар мен плакаттар орналастырылып, жаднамалардың әзірленіп, таратылды.
Іс-шара барысында ІІО-ның есепте тұрған барлығы 220 тұлғалар тұрғылықты жері бойынша тексерілген. Оның ішінде отбасы тұрмыстық салада құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар-112, қолайсыз отбасылар-108. Олардың барлығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Акция аясында отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық жасаған 79-тұлға жауапкершілікке тартылды.Оның ішінде қорғау нұсқамалары шығарылғандар-74, сотпен құқық бұзушылықтың мінезіне ерекше талап қойылғандар саны-5.

Шымкент ҚПД Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444