«Көк тудың желбірегені» атты дәстүрлі республикалық жас ақындар айтысының қорытындысы

2017 жылдың 25 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарамасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастаруымен облыстық жастар ресурстық орталығының акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесіне  орай «Көк тудың желбірегені» атты дәстүрлі республикалық жас ақындар айтысы  өткізілді.

Айтысқа республикаға танымал Бибігүл Тілеубалдинова, Біржан Байтуов, Мұхтар Ниязов, Нұрлан Есенқұлов, Дидар Қамиев, Қажымұxан Абзалов, Нұрғали Әнапия, Дәурен Полатбаев, Сырым Әуесхан секілді танымал жас ақындар бақ сынасты.

«Көк тудың желбірегені» тақырыбы аясында егемендікті жырға қосқан жастар қоғамның өзекті мәселелерін жырлап, төрт орынды өзара бөлісті. Бас жүлдені оңтүстіктік ақын Біржан Байтуов иеленіп, 500 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болса, 400 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болған танымал ақын Дидар Қамиев жүлделі 1-орынды алды. 2-орынды 300 000 теңге сыйлыққа ие болған Мұхтар Ниязов болса, 3-орынды Нұрлан Есенқұл иеленіп, 200 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.  Қалған ақындар 35 000 теңге қаржылай ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Көптен күткен айтыс халықтық құлақ құрышын қандырып, ел мәртебесін асқақтатты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444