Шағынаудандардағы мәселелер талқыланды
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов аудан аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аталған шағынаудандардағы бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, магистральді ауыз су жүйесінің құрылысы, мемлекеттік жарық, көшелерге асфальт төсеу, №86 автобус маршруты, мектеп салу, санитарлық тазалық т.б. мәселелер.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен сын-ескертпелер назарға алынатындығын жеткізіп, алдағы уақытта аудан әкімдігімен атқарылатын жұмыстармен бөлісті.
Аудан әкімі шағын ауданды аралау барысында айтылған мәселелердің шешу жолдарын қарастыру бойынша тиісті мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.