Жоғары оқу орындарында «Таза сессия» акциясы жүргізілді
«Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы және «Адалдық алаңы» бірігіп акционерлік және жеке меншік ЖОО-да орын алатын сыбайлас жемқорлық фактілерін зерттеуге арналған әлеуметтік сауалнаманы бастады. Бүгін «Таза сессия» акциясы М.Сапарбаев институтында жүргізілді.
Акцияның мақсаты — жастар арасында сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Алдағы уақытта сауалнама қорытындысы негізінде алынған ақпарат жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі мен динамикасын талдау үшін пайдаланылатын болады және
тікелей студенттермен жұмыс жасайтын боламыз.