Шымкентте «Өзіміздің полиция» атты акция өткізілді

Шымкент қаласында «Өзіміздің полиция» атты акция өткізілді. Қалалық ішкі істер департаментінің ұйымдастырумен өткізілген шараның мақсаты – қала тұрғындары мен тәртіп сақшыларының арасында тығыз байланыс орнату. Сондай-ақ, халықпен тығыз қарым қатынас жасау, ашық жұмыс істеу, көпшілікпен бірге орын алып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу. Бүгінгі учаскелік полицейге қойылатын басты міндет осы. Қазіргі таңда қаламыз бойынша 369 учаскелік полицей қала тұрғындарының тыныштығын күзетіп, өтініш тілектерін орындау мақсатында қызмет етуде.

 

Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда учаскелік полицейлердің атқарып жатқан жұмыстары көп.  Осы екі айға жалғасқан акция барысында 182 257 пәтерлер мен жеке үйлер тексерілді. Сонымен қатар инспекторлар қала тұрғындарына 396 942 визитка, 321 450 жадынамалар үйлердің кіре берісмен аулаларға жабыстырылған. Айта кетейік, бұл жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес, қала тұрғындарының көмегімен 38 қылмыс ашылған. Оларға полиция департаменті 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 25250 теңгеден сыйақы берілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444