«Кеңседен шықпай-ақ донор болу» қайырымдылық акциясы өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қалалық филиалында «Кеңседен шықпай-ақ донор болу» қайырымдылық акциясы өтті. Филиал кеңсесіне қалалық қан орталығының көшпелі бригадасы келіп, корпорация қызметкерлері жұмыс процесінен алыстамай-ақ қан тапсырды. Игі іске ұжымдағы басшыдан бастап фронт-офис қызметкерлері, жас мамандар мен тәжірибелі донорлар да қатысты, ұзын саны 30 қызметкерден 15 литрге жуық қан алынды.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгін жиналған қан мөлшері мұндай акция үшін айтарлықтай нәтиже. Енді жиналған қан халі ауыр науқастар мен онкологиялық науқастарды емдеуге жұмсалады.

– Жұмысымыздың қатаң тәртібіне қарамастан, донорлық акцияны кеңсемізде ұйымдастыра алғанымызға өте қуаныштымын. Алғаш рет қан тапсырып отырғаным жоқ. Мұны науқасқа көмек көрсету тұрғысынан да, донордың өзі үшін де өте маңызды іс деп санаймын. Қан тапсырғысы келетін әріптестеріміз көп. Өйткені, біздің ортақ құндылықтарымыз бар. Ал өзгелерге көмек көрсетіп, қол ұшын созу тек қана біріктіреді. Біз осындай акцияларды өткізуді міндетті түрде жалғастырамыз. Себебі, үнемі қан тапсырып отыру да маңызды, — деді филиал директоры Данабек Исабеков.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қалалық филиалы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444