ҚАЗАҚТЫҢ ХАНБИБІСІ — 70 ЖАСТА!

Бүгін белгілі ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызының «Мен-анамын, ақынмын, әлемді ойлар..!» атты 70 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кеші қарсаңында 10 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.

Әдеби кеште бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясымен басталды. Мұнан соң көпшілік қаламгерге арналған кітап көрмесін тамашалады.

Жиында қазақтың Ханбибісінің 10 томдық кітабының тұсаукесері өтті. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мерейтой иесін құттықтап, сый-сияпат жасады.

Амангелді Айталы, Әлихан Бәйменов ақын жырларының биіктігіне тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, Х.Есенқарақызының өлеңдері орыс, украин, қырғыз, өзбек тілдеріне аударылған. Сондай-ақ, ақынның өлеңдеріне композиторлар тамаша әндер жазды. Көпшілік мерейтой иесінің «Алтынай», «Нурикамал», «Дос іздедім» сынды әндерін сүйіп тыңдайды. Жиын соңы шығармашылық кешпен жалғасты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444