ШЫМКЕНТТЕ ПСИХОЛОГТАР БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРДЫ
Республикалық «Өнеге» пилоттық жобасы аясында «ЖИТС – тен балаларды қорғау» орталығының психологы Абиева Эльмира Такенқызы Шымкент қалалық емханаларындағы психологтарға семинар-тренинг өткізді. Дәріс барысында білікті маман медицина қызметкерлеріне тұрмыстық зорлық зомбылыққа ұшыраған азаматтарға психологиялық көмек көрсету барысымен тәжірбие алмасты. Жалпы психологиялық семинарға медициналық ұйымдардағы 25 психолог қатысты.
Соңғы жылдары елімізде тұрмыстық заң бұзушылық мәселесі өзекті мәселеге айналып, оның алдын алуға құқық қорғау орындары белсене кірісуде. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде көбінесе әйел адамдар зардап шегеді. Осы орайда мемлекет тарапынан нәзік жандылардың құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлініп, қоғамның барлық саласында гендерлік теңдік мәселесінің алдыңғы орынға шығуы, тұрмыстық зорлық зомбылықтың да алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.