ШЫМКЕНТ: «SANALY URPAQ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Білім мен тəрбиені ұштастырып, кемел келешекті ұрпақ қалыптастыру үшін білім беру орындарында жемқорлыққа жол берілмеуі керек.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында «Sanaly urpaq» жобасы жүзеге асырылуда.

Аталған жоба аясында, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілі Ғ.Ерназаров Шымкент университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында жастарға парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыруға баса назар аударылды.

Сондай-ақ, жастар бойларына жемқорлыққа төзбеушілік қасиеттерді сіңіріп, еркін ойлау, белсенді болуға, ойларын анық жеткізуге шақырылды. Жаңа заман жастары біліммен қатар адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами құндылықтарды да бойына сіңіруі қажеттігі айтылып, студенттердің пікірлері тыңдалып, сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444