ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мекеменің ардагері мемлекеттік қызметте адал, абыроймен 40 жыл жұмыс жасаған Н.Ақбердиевпен кездесті.
Аудан әкімі Р.Мыңбаев ауданның, елдің дамуына қосқан үлесімен таныстырып, ыстық лебізін білдірді.
Кездесу барысында құрметті қонақ өзінің өмір жолын баяндап, жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Елдің дамуы жолында жасалынып жатқан оң істерге өз разылығын білдірді. Сонымен қатар, білмегендеріңіз болса ақыл-кеңес айтып, қолымда бар деректермен бөлісуге дайынмын,- деп жас мемлекеттік қызметшілерді адал еңбек етуге шақырды.
Шара соңында жас мемлекеттік қызметшілер толғандырған сұрақтарын қойып, ардагерге алғысын білдірді.