ЕХРО көрмесінде Әзербайжанның павильоны халық көп келетін алғашқы төрттіктің қатарында

Елордадағы ЕХРО қалашығында Әзербайжанның ұлттық күні. Бауырлас ел көрмеге келушілердің назарына ән мен биін ұсынып, дәстүрі мен мәдениетін паш етті. Ал павильонда дәстүрлі әрі баламалы энергетиканың сан алуан тұжырымдамасы көрсетілген.  ЕХРО қалашығында той-думан. Әзербайжан ұлттық күнінде Кавказдың ән және биімен жұртты тамсандырды. Құлақ құрышын қандырар әсем әуеннің ырғағында өрімдей жастар мың бұралып биледі. Анар Алекберов, Әзербайжан Республикасы бірінші вице-президентінің көмекшісі: — Әзірбайжан – мұнай ресурстарына бай мемлекет. Бірақ қазіргі таңда біздің алдымызда қара алтынға тәуелділіктен арылу міндеті тұр. Павильонда дәстүрлі энергетикадан баламалы энергияға көшу тетіктері ұсынылған. 2050 жылға дейін баламалы энергия көздерінің үлесін 50%-ға жеткізу. Әзербайжандықтар осындай мақсат қойып отыр. Әзербайжайнның павильонында қызықтайтын дүние көп. Мұнда «жасыл» энергетикаға қатысты тың жобалар көрсетілген. Бұл жерде Кавказ еліндегі әр қаладағы желдің әлеуетін байқауға болады. Мәселен, Гюйгуй қаласында жел бәсең. Ал ел астанасы Бакуда желдің мүмкіншілігі зор. Секундына 8 метрге дейін жетеді. Бұл елдің «жасыл» энергетикадағы тағы бір түртіп айтар тұсы бар. Әзербайжанда қос аралды жалғайтын жел генераторларын салу жоспарланған. 22 шақырым қашықтықта қуаттылығы 200 мегаватқа жуық 60 турбина энергия өндірмек. Бүгінде мұндағы көліктер де қуат көзінің баламалы түрлеріне көшіп жатыр. Ернар Мақашев, Әзербайжан павильоны қызметкері: — Газ конденсаты әлемнің түкпір-түкпірінде өндірілетіні белгілі. Ал Әзербайжанда бар көліктің 40%-ы отынның осы түрімен жүреді. Бұл мемлекет ауаға зиянды заттар шығаратын темір тұлпарлардан бас тартып отыр. Айту керек, ЕХРО көрмесінде Әзербайжанның павильоны халық көп келетін алғашқы төрттіктің қатарына кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әзербайжан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа Әзірбайжанның Экономика министрі Шахин Мустафаев пен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қол қойды.

Келісім Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы  арасындағы халықаралық автомобиль қатынасында жүктердің тасымалын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ осындай тасымалдарды орындауға жоғарыда аталған мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушылар жүзеге асырады.

Келісімнің мақсаты – екі ел арасындағы халықаралық автомобиль қатынасын дамыту және өзара тиімді тасымал нарығын қалыптастыру. Сондай-ақ, транзиттік тасымалдарға және үшінші елдерге немесе елдерден тасымалға рұқсат жүйесін енгізу көзделген. Қол қойылған құжат ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін береді және екі ел арасында автокөлікпен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Келісім күшіне енгеннен кейін екі жақтың тасымалдаушылары қазақстан – әзербайжан автотасымалдау нарығын белсенді түрде игере бастайды. Ал, оның тиісті ережелерін қолдану тараптар үшін пайдалы болмақ.

Анықтама:

Жүк тасымалдары көлемінің жыл сайынғы өсу динамикасы:

2016 жылы жүк тасымалдар көлемі 6,1 мың тоннаны құрады, сонымен қатар соңғы 5 жылда тасымалдар көлемі 3,2 мың тоннаға немесе 52%-ға артты(2012 жылы 2,9 мың тонна жүк тасымалданды).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444