Астанадан Үрімжіге енді пойыз қатынайтын болды

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында бірқатар мемлекеттер арасында тікелей әуе және темір жол рейстері ашылған болатын. Соның бірі «Астана-Алматы-Үрімші» бағытындағы рейс.

«Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы»»  Акционерлік Қоғамы және Қытай темір жолы арасындағы келісімге сәйкес «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде Алтынкөл (Қазақстан Республикасы) – Қорғас (Қытай Халық Республикасы) шекара бекеттері арқылы «Астана-Алматы-Үрімші» бағыты бойынша темір жол байланысы ұйымдастырылды.

Астана-Үрімшы бағытындағы №54 пойыз аспан асты еліне жолаушыларын алып кетуге дайын. Астанадан Қытайға қарай жолаушылар 13 жыл бұрын жүре бастаған бірақ, белгісіз себептерге байланысты 2 жыл бұрын жүрдек пойыздар тоқтатылды. Қытайға қайта жол түскеніне теміржолшылар мәз.

Пойыз Алматы арқылы Алтынкөл теміржол торабына барады. Қазақстан және Қытай пойыздары осы жерде түйісіп, жолаушылары вагон алмастырады. Қазақстаннан барған пойыздың жолаушылары ары қарай Қытай пойыздарына отырады, ал Қазақстанға келетін қытайлық жолаушылар қазақстандық пойыздарға ауысып отырады. Осылайша 31 отандық «Тұлпар-Тальго» вагондарынанан құралған пойыз күн сайын аталған рейс бойынша қатынайды.

Пойыз бастығы Эльвира Таштырованың айтуынша: Бүгінде Алтынкөл рельстерінің ені әртүрлі екі елді байланыстырып жатқан ірі станция болып табылады. Осы жерде екі пойыз паралель жолдарға қатар тұрып бір біріндегі жолаушылармен алмасады. Яғни, біздің жолаушылар қытайлық пойызға отырып, ондағы туристер біздің пойызға ауысып мінеді. Дәл сол кезде жолаушылар шекара мен кеден тексеруінен де өтіп үлгереді. Бұл уақытты үнемдейтін ең оңтайлы тәсіл көрінеді.

Вокзал кешені бастығының кезекші көмекшісі Е.Рымбаевтың айтуынша, мұнда жұмыс жасау жас мамандар үшін үлкен тәжірибе, өз мүмкіндігін барынша көрсетуге таптырмас мүмкіндік.

«Біз Астанада жаңа үлгідегі вокзал салынып жатқандығын теледидардан көріп, естіп жүрдік. Бірақ осыншалықты ғажайып екендігін алғашқылардың бірі болып өз көзімізбен көрдік. Мұнда біз жаңа үлгідегі пойызбен келдік. Вокзал ғажайып үлкен екен. Барлығы да жаңа технология бойынша салынған. Біздің ойымызша, ЭКСПО-2017 халықаралық көрме қонақтарын лайықты қарсы алады»,- дейді осы сапармен келген Үрімші жолаушысы М.Жүсіпова.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444