Шымкентте жыл соңына дейін 1554 пәтер беріледі

Бүгін Шымкентте Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай жетекшілік еткен жиында қаланың құрылысы, көркі және сәулеттендіру мәселелері талқыланып, атқарылған жұмыстар бойынша сын-ескертпелер айтылып, бірқатар ұсыныстар түсті.

Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Ахметов Ерболдың айтуынша, биыл Шымкентте жыл соңына дейін 1554 пәтер ел игілігіне беріледі. Оның 898 жалдамалы пәтер болса, 656 пәтер несиелік.
Одан бөлек, Шымкент қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Дүйсенов Берік, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Айымжан Лесбеков есеп берді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша жауапты сала басшыларының баяндамаларын тыңдаған кеңес мүшелері көтерілген мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер бойынша хаттама жасалып, тапсырмалар жүктелді.
Сондай-ақ нормативтік – құқықтық акт жобалары қаралып, бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444