Азаматтық Альянс ҮЕҰ-ға қандай көмек көрсетуде?

Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің конференциясында бірқатар мәселелер талқыға түсті. «Азаматтық Альянстың» атқарушы органының және тексеру комиссиясының есебі, үйлестіру кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.

Жиынға ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, қалалық ішкі саясат және дін істері, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармаларының өкілдері, партия өкілдері қатысты. Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсының» президенті Жұмағали Білісбеков басты мәселелерге тоқталып өтті.

– Жылына бір рет өтетін Азаматтық Альянс конференциясында әріптестерге, халыққа есеп беріліп, ҮЕҰ-мен бірігіп қандай жұмыстар атқарып жатқанымыз нақты айтылуы қажет. Жыл басынан бері қандай мәселелерді көтеріп, Азаматтық Альянс ҮЕҰ-ға қандай көмек көрсетуде? Біз осы жұмыстарды таразылап алуымыз керек. Жалпы айтқанда, ҮЕҰ-дың жұмысын көрсету, ынталандыру. Жастарды, партия өкілдерін шақырып отырмыз. Енді бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Қала әкімдігі көп жәрдем беруде. Таяуда отыратын жайымызды реттеп берді, – деді Жұмағали Дәулетбекұлы.

Конференцияда «Азаматтық Альянстың» атқарушы директоры Юсуп Арзыханов атқарушы органның есебін баяндады. Айтуынша, 2018-2019 жылдары «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ жұмыс жүргізуіне жағдай жасау, ресми сайт және әлеуметтік желілерде парақша ашу, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылық және қаржылық есеп бойынша кеңестер беру бойынша іс-шаралар жоспарланған. Бүгінгі күнде барлық жоспарлы жұмыс орындалған.

Сондай-ақ, алда стратегиялық жоспар жасау, ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру бойынша тренерлер командасын қалыптастыру маңызды екені айтылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444