ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгін қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Н.Қабыштаев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілерге  дәріс оқыды.

Дәріс барысында Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі мен мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері, қызметтік әдеп нормаларының бұзушылықтарын алдын-алу және ұжымда жақсы моральдық-әдептілік нормаларын орнату жайы түсіндірілді.

«Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатындығы айқын» — деді Нұрлан Орынбасарұлы.

Сонымен қатар, ол қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кез-келген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің қызметтiк iс-сапарларға баруға арналған шығыстары мемлекет есебінен төленетіндігін жеткізіп,  тексерушілерге немесе іссапармен келген тұлғалардың іс-сапар шығыстарын өтеу, оларға арнап дастархан жаю немесе көңіл көтеру шараларын ұйымдастыруға тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктер көзделгендігін айтты.

Дәріс соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444