Шаруалар қолдау білдірді
«Nur Otan» партиясынан атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсынылған кандидат Қ.К.Тоқаевтың Түркістан облыстық штаб мүшелері Жетісай ауданындағы ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен кездесті.
Облыстық штаб басшысы Ұласбек Сәдібеков кандидаттың сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Ол ауыл шаруашылығы саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғандығын жеткізді.
– Ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу және оны пайдаланудың ашық және әділ механизмі қамтамасыз етіледі. Отандық ауылшаруашылық өндірушілеріне қолдау көрсетеміз, олардың өнімдерін өткізу мүмкіндігі кеңейтіледі. Эскпорт ұлғаяды – деді Ұласбек Сәдібекұлы.
Жиын барысында жетісайлық ақсақал Тойым Жүнісов көшбасшы партия атынан ұсынылған кандидаттың сайлауалды бағдарламасы көңілінен шыққандығын жеткізді.
— Ауылдардың ауқатты және қазіргі заманға сай мекенге айналатындығы қатты қуантып отыр. Сайлау күні отбасымызбен барып, ел болашағы үшін таңдау жасаймыз – деді жетісайлық ақсақал Тойым Жүнісов.
Кездесуде ауылдың азаматтары Атабай Мекенбай, Сәду Бекенов «Nur Otan» партиясы алдағы уақытта да тың бастамаларды жүзеге асыратындығына сенім білдірді.
Облыстық қоғамдық штаб