Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде және тереңдетуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық іс-қимыл процестеріне еліміздің белсенді қатысуын қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару саласында тәжірибе алмасу мақсатында МҚІСҚА төрағасы А. Ж. Шпекбаев бастаған қазақстандық делегация Ұлыбритания мен Германияға барды.

Жұмыс сапары барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және Мемлекеттік қызметтің инновациялық қайта құруларында біздің еліміздің тәжірибесі мен жетістіктері көрсетілді.

Атап айтқанда, а.ж. 29-30 сәуірінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен делегация Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бірлескен үйлестіру орталығының басшысы Э. Престонмен (JACU), Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Бүкілпартиялық парламенттік топтың төрағасы – Біріккен Корольдігі Парламентінің депутаты Б. Стюартпен, қоғамдық өмірдегі стандарттар жөніндегі комитеттің төрағасы Лорд Эванспен, «Economist Intelligence Unit» рейтинг агенттігінің өкілдерімен, сондай-ақ Ұлыбритания ІІМ Мемлекеттік сатып алу мониторингі саласындағы сарапшылармен кездесулер өткізді.

Престон мырза Қазақстанның қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының прогрессивтілігін, сондай-ақ оның құралдарының пәрменділігін атап өтті. Ол Қазақстанмен қоғамның әл-ауқатын арттыруға және халықтың жоғары сенімін қалыптастыруға қатысты мақсаттардың ортақтығын атап өтті. Қазақстандық тараптың мемлекеттік қызметкерлерді адалдыққа тексеруді енгізу ниетіне ерекше назар аударылды.

ІІМ сарапшыларымен делегация сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласында бақылау мен ашықтықты қамтамасыз етудің британ тәжірибесін талқылады. Алдыңғы қатарлы тәжірибе Қазақстан контекстінде осы саланы реформалауда пайдаланылатын болады.

Қоғамдық өмірдегі стандарттар жөніндегі комитет басшысы Лорд Эванс Қазақстанның Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен есеп берушілігіне қол жеткізу жөніндегі күш-жігерін оң бағалады. Атап айтқанда, ол қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін және парасаттылық мәдениетін ілгерілетуге ұмтылысын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, Агенттік қызметінде Ұлыбританиямен қабылданатын шараларда, оның ішінде азаматтық қоғаммен белсенді өзара іс-қимылда ұқсастық байқалады, бұл екі жақты ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әлеует туғызады.

Кездесу барысында «Economist Intelligence Unit» халықаралық сарапшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет қабылдаған шаралар аясында, ең алдымен, халыққа көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласында болып жатқан өзгерістердің оң динамикасын атап өтті.

Бизнесті дамыту жөніндегі Директор А. Голфинч 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда ең алдымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйелі кешені анықталғанын айтты.

2-3 мамырда Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Нүсіповтың қолдауымен  Бертельсманн атындағы қордың, «Transparency International» және Герман экономикасының шығыс комитетінің басшылық құрамымен сараптамалық кездесулер өткізілді.

Қордың аға директоры С. Эмптер трансформациялық үдерістерді басқаруды күшейтуге бағытталған азаматтық қоғамды қатыстыра отырып, бастамалар мен жобаларды іске асыруда Агенттіктің инновациялық тәсілін атап өтті. Талқылау барысында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар кешенін іске асырудағы Агенттіктің жетістіктері айтылды.

Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі «Transparency International» кеңсесінің өкілдерімен Агенттіктің жобалары белсенді талқыланды. Тараптар ИВК-дағы көптеген елдердің позицияларының төмендеу үрдісі аясында Қазақстан бұрын қол жеткізілген нәтижелерді бекіте алды деп атап өтті. Халықаралық ұйым Қазақстанда республикалық көлемде жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өткізу идеясын қолдады. Сондай-ақ, «Transparency International» сарапшылары Қазақстанда халықаралық қоғамдастық таныған зерттеулер әдістемесі бойынша әлеуметтік өлшеуді өткізу бастамасын қолдады.

Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры М. Хармспен кездесу барысында Қазақстанда қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру саласындағы шаралар талқыланды. Атап айтқанда, Агенттіктің «Protecting Business and Investments» жобасы айтарлықтай қызығушылық тудырды. Өз кезегінде, неміс тарапы Қазақстандағы комплайенс қызметінің даму келешегін атап өтті. Осы тақырып бойынша сарапшылардың қатысуымен қазақстандық компаниялар үшін семинарлар өткізіледі. Тараптар сапалы инвестиция тарту және адал кәсіпкерлікті өсіру мақсатында өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар ресми және сараптамалық деңгейде шетелдік әріптестердің қолдауына ие болды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Агенттік қызметтің негізгі бағыттарын одан әрі жетілдіру мақсатында нақты ұсыныстар әзірлейтін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *