Өзімнің емес, өзгенің амандығы үшін қызмет атқарамын
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Мен Роман Александрович Письменскиймін. Адамдардың өмірі мен олардың материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан араша етуді бала кезімнен арман еткен азаматтық қорғау капитанымын. Мен 1992 жылы отызыншы қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келгенмін, ұлтым орыс. Мақсатыма жету үшін аянбай еңбек етіп келемін.
Мектепте оқып жүргенімде қазақ тілін білуге қызығушылығым артты, сөйтіп сөз жаттау арқылы үйрене бастадым. Мектеп бітірген соң қоғамға пайдасы тиер азамат болуды армандадым. Осы арман жетегімен Көкшетау техникалық институтына оқуға түстім. Оқуды өте жақсы бітіргенімнің арқасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеу мәртебесі қызыл дипломға бітірген 50 бітіруші түлектің ішінен маған бұйырды.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы №3-ші өрт сөндіру бөлім бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарамын.Осы салада жүріп тілдерді оқыту әдістемелік орталығы мамандарынан мемлекеттік тілді білу деңгейімді жетілдірдім. Орталықтың ұйымдастыру мен өткен мемлекеттік тіл менің тілім форумында сөз сөйлеп полиглот, тіл шебері, мемлекеттік тіл, тәуелсіздік символы байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым.
Қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Қызметімде бұл көп пайдасын тигізді. Өрт сөндірушілердің қызметіне көпшілік адамдардың көңілі толмайды.Бұл қызметтің қаншалықты қиын әрі ауыр екенін көрсету үшін өрт сөндіру барысын экшон камераны бас киімге қойып түсіруді ойлап таптым. Нәтижесінде жұмыс барысындағы барлық сәтті көрсете алдым. Қазіргі таңда департамент басшысының бұйрығымен барлық бөлімге осы әдісті енгізді.
Қазіргі таңда отбасылымын, бір ұлым бар. Әр күні үйден шығарда отбасымның амандығын, қайта отбасыма оралуды тілеймін, себебі өзімнің емес, өзгенің амандығы үшін қызмет атқарамын. Ол менің басты азаматтық парызым!