СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІ ЗОР
Өңірімізде түрлі бастамаларды іске асырып, мақсатты жұмыс жүргізіп жатқан «Түркістан — адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі жанынан лекторлық топтар құрылды.
Департамент бастамасымен лекторлық топ мүшелерінің жұмысын тиімді жүзеге асыру үшін арнайы тренинг ұйымдастырылды.
Оқыту жиынында Агенттіктің Департамент басшысы И.Үйсімбаев, Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев, Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, «Түркістан — адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі жетекшісінің орынбасары А.Талғатұлы және облыстық арнайы мониторингтік топ төрағасы А.Еркінбеков жемқорлыққа қарсы іс — қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жан — жақты тоқталып, тиісті ақпараттар ұсынды.
Іс — шараның негізгі бағыты — мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күшін біріктіріп, бұл құбылыстың тамырын жою.
Айта кетейік, лекторлар алдағы уақытта елді мекендерде қоғаммен, тұрғындармен кездесіп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.