Шымкентте «Дәстүрді сақтай отырып» фестивалі өтті

Шымкентте «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында республикалық «Дәстүрді сақтай отырып» фестивалі өтті. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту департаменті мен «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын дамыту аясында өткізілген фестивальде Қазақстандағы барлық ұлыс өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері театрландырылған қойылымдар арқылы көрсетті. Жиналғандар «Қазақтану» жобасы аясындағы шара барысында «Отбасылық құндылықтар кітабы» атты мәдениет орталықтары дайындаған көрмені тамашалады.

Фото Азат Дидарбек

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444