Ерлан Қарин: «Қазақстандағы сайлау транзиттік процеске нүкте қояды»

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысының кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тыңғылықты пайыммен барлық пікірлерді ескере отырып, сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Ең бірінші кезекте, Президент Елбасымен ақылдасты. Парламент палаталары басшыларымен, Премьер-министрмен, Конституциялық Кеңестің төрағасымен кеңесті. Жетекші саяси партиялардың көшбасшыларымен кездесті», — дейді Ерлан Қарин.

Осылайша, Қариннің айуынша, кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешім барлық саяси процедураларды сақтай отырып қабылдануда.

«Қазақстандағы сайлау транзиттік процеске нүкте қояды. Демек, аталмыш маңызды сұрақтың барлық қоғамдық-саяси аспектілері ескерілді. Сол себепті, сайлау өткізу — елдегі негізгі қоғамдық-саяси күштердің үйлескен ойы», — дейді ол.

ҚР Президентінің кеңесшісі сайлаудың арқасында күн тәртібіндегі сұрақтардың бәріне де нүкте қойылатынына баса назар аударды.

«Соңғы уақытта әртүрлі әңгімелер айтылып, халық көп сауалға жауап іздей бастады. «Бізді не күтіп тұр?», «Ары қарай не болады?» деген сияқты… Міне, дәл бүгін жүргізіліп жатқан реформалардың қарқынын бәсеңдетпес үшін Президент осы сұрақтардың бәріне нүкте қоюды шешті. Осылайша, сайлау белгісіздік көңіл-күйін ескеруге көмектеседі. Мемлекет басшысы «Президент елдің таңдауы бойынша сайланады» деген сөзді текке айтқан жоқ. Міне, бұл — оның үндеуіндегі негізгі кілт сөз», — дейді Ерлан Қарин.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444