Жол жүру ережесін бұзудың алдын алу мақсатында семинар ұйымдастырылды

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында жол көлік ережелерінің талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында семинар өткізілді. Айтулы шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев шақырылды. Сонымен қатар, семинарға Департаменттің аппарат қызметкерлері, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жеке құрамы және Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі бөлімдерінің басшылары қатысты. Бұл жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді.

Семинар барысында, полиция полковнигі қатысушыларға «Қазақстан Республикасы жол көлік ережелері» заңнамасының талаптарын жеткізіп, тереңдетілген түсінік берді. Жол қозғалыс ережелерін сақтаудың және жол қозғалысы саласындағы заңнаманың талаптарын бұзбауға, қойылған жылдамдықты сақтауға, көлік жүргізген кезде ұялы телефонды қолдануға тыйым салынғаны туралы қатаң түрде тағыда еске салды. Қызметкерлер алкогольдік және нашақорлық мас күйлерінде, жол жүру ережелерін жиі бұзып көзге түскен кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан босату жөнінде сұрақ қарастырылатыны және барлық деңгейдегі басшылар осы фактілер бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылатындары туралы ескертіп өтті. Адамдар жол-көлік оқиғаларына әрқалай түседі.  Апатты жағдайдың орын алмауы үшін, әрбір жүргіншінің, велосипедшінің, ролик тебушінің, жолдағы қарапайым ережелері мен мәдениет тәртібін сақтауы. Дүниежүзінде жол-көлік апатының нəтижесінен болатын өлім-жітім оқиғасының 59%-ы 15-44 жас аралығындағы жас адамдар арасында орын алады. Орташа жылдамдықты 5%-ға төмендету өлімге əкелетін апаттың санын толықтай 30%-ға төмендетуге ықпал етеді. Қонақтың және департамент қызметкерлері арасында қозғалған тақырып бойынша диалог өтті, онда қойылған сұрақтардың барлығына нақты жауаптар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444