Ұлт саулығы — болашақ кепілі

Елімізде дәрігерлер біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін мәселе. Елбасы тапсырмасына орай алдағы уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметін қолжетімді ету қарастырылады. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілі енгізілмекші. Бұл ретте учаскелік дәрігерлердің  қызмет сапасын арттыру мақсатында қайта даярлау курстары қолға алынған.Қай емханаға бас сұқсаңызда дәрігер тапшылығына тап боласыз. Ұзын сонар кезек тағы бар. Осындай олқылықтардың алдын алып,  кемшіліктерді жоюды Президент жолдауында нақтылап көрсетті. Осы ретте,  жамбылдықтардың денсаулығына жауапты 174 маман қайта оқытылды. Оның ішінде – 46 дәрігер, 32 орта буынды медицина қызметкерлері, және 96 өзге мамандар бар. Бұл тізім жаңа жылдан бастап 609 дәрігер, 1700 ден  астам орта буынды медицина қызметкерлерімен толықпақ. Ең бастысы, бүгінгі таңда ақпарат алмасу, науқастарды тіркеуге алу, емдеу – барлығы да автоматтандырылған. Мыса­лы, бұрындары біз тәуліктеп күтетін ана­лиздер нәтижесі осы автоматтандырылудың арқасында бүгінде бар болғаны 15-20 минутта белгілі болады. Сонымен қатар тағы бір ауыз толтырып айтарлық үлкен бір жаңалық – телемедицинаның жетілуі. Осының нәтижесінде шалғай орналасқан елді мекендердегі мамандар орталықтағы тәжірибелі әрі білікті деген дәрігерлерімен тікелей байланысқа шығып, тіпті шұғыл операцияларға кіруге дейін қол жеткізе алады. Яғни ауылдағы науқасқа сол жақ­тың жергілікті дәрігерлері ота жасайды, ал оларды білікті мамандар орталықта оты­рып қадағалап, кеңес береді.

Сонымен қатар, өңірде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 115 жас маман  жұмыс атқаруда.  Бағдарламаға жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы  – 51 млн. 200 000 теңге қаржы бөлінген.   Бірінші қаңтардан  учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейту жоспарда бар.   Аймақ үшін тағы бір тың жаңалық, 2019 жылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша алты акушер-гинеколог,  алты анестезиолог-реаниматолог, үш неонатолог дәрігерлерді резидентурада оқыту көзделген.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444