ЭКСПО аумағында «Темірболат» атты мүсін бой көтерді

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі биік талғамдар мен таңданыстарға толы. Олай дейтініміздің себебі, көрме аясында болашақ энергиясы атанған түрлі жобалар мен өнер туындылыры қойылған. Таңданбау мүмкін емес. Осындай таңданыстардың біріне ие болған, қызықты жағдайда туындаған мына бір мүсін. Себебі, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы опырылып түскен аралық көпір бүгінде келбеті келісті мүсінге айналып отыр. Еріксіз мән беріп қарайсың. Еске сала кетсек, 2017 жылдың 16 қарашасында опырылып түскен болатын. Бүгінде аталмыш көпір Елорданың Нұрлы жол желекжолында ерекше мүсін ретінде тұрғызылған.

«AstanaArtFest» үшінші халықаралық заманауи өнер фестивалінің  журналистерге арналған экскурсиясында бас куратор Яна Малиновскаяның айтуыншы: Суретшілер бұл мүсінге қатысты ерекше позитивті ойда. Бұл образда ешқандай сәтсіздікке қарамастан, қайта тұрып, еңсесін тіктеген, бір орында тұрып қалмай, алға қадам басқан адамның мүсіні бейнеленген. Тіпті, жанынан қарасаң, билеп бара жатқандай әсер қалдыратын көрінеді.

«Темірболат» атанған бұл мүсінді жасауға бес адам атсалысқан. Атап айтар болсақ, Бейбіт Әсемқұл, Әйгерім Жұмағалиева, Наталья Лигай, Гүлмарал Тәтібаева және Әлия Қаныбекова.  Олардың айтуынша, бұл мүсінмен бір орында тоқтап қалмай, жаңғыртылған жаңа Астананы құруға кетіп бара жатқан темір адамның образын көрсеткілері келген.

Фестивальдің ресми ашылуы бүгін кешкі 20.00-де басталады. Онда көрермендер жарық және от шоуларын, хореографиялық нөмірлерді тамашалай алады. Қонақтар арасында Қазақстан Республикасына танымал балет әртістері Досжан Табылды және Жандос Әубәкіров болады. Мұнымен Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің тосын сыйлары бітпек емес.

ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Ендігі қалғаны, еліміз үшін аса маңызды шараны абыроймен өткізіп алу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444