Вице-министр емдеу мекемелерін аралап көрді

Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Олжас Әбішев заманауи форматқа көшірілген мекемелерді аралап көрді. Жұмыс барысын «Бәйтерек» ықшам ауданында тұратын емделушілерге «Almaz medical group» ЖШС емханасына қарасты дәрігерлік амбулаториядан бастаған вице-министр тұрғындарға көрсетілетін дəрігерлік қызметтің қолжетімділігі мен сапасына назар аударды.

Қазіргі таңда №4 емхана электронды кезекке көшкен. Емдеу мекемесі «Damumed» мобильді қосымшамен жұмыс істейді. Медициналық құжаттар сандық жүйеге көшірілді. Емделушілер дәрігер қабылдауына мобильді қосымша арқылы да жазыла алады. Екінші нысан – Демьян-Бедный көшесінде орналасқан 41 188 адамға қызмет көрсететін №6 қалалық емхана. Мұнда 1 күнде 480-500 адамға медициналық көмек көрсетіледі. Бұл медициналық мекеме 1960-шы жылы тұрғызылған. 2016 жылдан бастап, облыс әкімінің қаулысымен емхана жекеменшік «Жаншуақ» медициналық орталығына сенімгерлік басқаруға берілді. Аталмыш мекеменің бас дәрігері Дүйсенкүл Керімбаева, жаңа үш қабатты отбасылық медицина орталығының құрылыс барысымен таныстырды. Емхана құрылысы 2021 жылдың ІІ-жартыжылдығына дейін аяқтап, пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ескі ғимарат онда тіркелген тұрғындар үшін өте тар. Сондықтан, алдағы уақытта пациенттер үшін де, медицина қызметкерлері үшін де барлық қолайлы жағдайлар жасалатын болады. Келесі нысан – облыстық офтальмологиялық орталық болды. Олжас Амангелдіұлы қабылдау бөлімі, физиотерапевтік кабинеті, емханалық бөлім, күндізгі стационар жұмысымен танысты.

Орталық заманауи диагностикалық құрылғылармен, жаңа УДЗ-орталығымен, томографпен, көзді электрофизикалық зерттеудің ЭФИ-аппаратымен және эксимерлік-лазерлік ота жасауға қажетті құрылғылармен жабдықталған. Кеңес беру-диагностикалық бөлімше күніне 130 келушіге арналған, орталықта күніне шамамен 30-40 отаға дейін жасалады.

Іс-сапар соңында Олжас Әбішев облыстық онкологиялық диспансеріне бас сұқты. Мекеме басшысы Абай Нұржанов қабылдау бөлімінің және ондағы емхана мен зертхана бөлімшесінің жұмысымен таныстырды.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, 2015 жылдан бері соңғы 3 жылда 10 нысан сенімгерлік басқаруға берілді. 3 нысан жекешелендірілді. Жыл соңына дейін 1 нысанды сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда. Ақпараттық жүйелерге 680 950 электрондық денсаулық паспорты енгізілген. «Халықты тіркеу регистрі» ақпараттық жүйесінде тіркелген халық санының 61% құрады. Бұл бағдарламаға сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарына 100 пайызды құрайтын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444