«Бозбала мен Бойжеткен» анықталды

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тапсырысы аясында «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бозбала мен Бойжеткен» байқауы өткен болатын. Аталмыш шараға облысымыздың барлық аудандарынан толық қатысты. Сонымен аса тартысты өткен байқаудың бас жүлдесін Арыс ауданынан келген жастарымыз қанжығасына салса, 1-орынды Қазығұрт, 2-орын Сайрам ал 3-ші орынды Түлкібас ауданынан келген жастарымыз иеленді. Сондай-ақ, одан өзге 6 жұпқа 15 000 теңге көлемінде қаржылай ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Ұлтымыздың салт-дәстүрін дәріптейтін, жастарымыздың санасына қазақылықты ұялататын мұндай іс-шаралар әрі қарай да өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Мұндай фестивальдер жастарды қанаттандырып, ынталандыратыны сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444