2020 жылға дейін халықаралық талапқа сай 5 сервистік қызмет көрсету кешені салынады

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің 495 шақырымы Жамбыл облысы арқылы өтеді. Мұнда 2020 жылға дейін халықаралық талапқа сай 5 сервистік қызмет көрсету кешені салынады. Қазірдің өзінде оның төртеуі пайдалануға беріліп, табысты жұмыс істеп тұр. Өңірдегі жеті ауданды бойлай өтіп жатқан күре жолдың маңайындағы ауыл-аймақтың тіршілігі де тіктеліп, көлік қозғалысы арта түскен.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі арқылы орташа есеппен тәулігіне 7500 көлік қатынайды. Олардың 84 проценті жеңіл және шағын автобустарға, оны ауыр жүк тасымалдайтын көліктер мен төрт жарым пайызы автобустарға тиесілі.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің 495 шақырымы Жамбыл облысын басып өтеді. Жол маңайындағы сервистік қызмет көрсету орталықтарындағы жолаушылар саны да артқан. Мұнда бұрындары ұзақ жолға қатынайтын он шақты көлік келіп тұрса, қазір олардың саны елу-алпысқа жеткен.

Облыста бүгінгі таңда алпыс бір сервистік қызмет көрсету орталығы бар. Оның жиырма үші ұлттық стандартқа сай болса, отыз сегізінде сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар бұл бәсекелестікті арттырып, жаңа жұмыс орындары мен экономиканың өркендеуіне үлес қосары анық дейді.

– 2018 және 2020 жылдар арасында біз тоғыз объектінің салынуын жоспарлап отырмыз, бұларда А, Б, С, Д санаттарына жатады. Бұл жергілікті кәсіпкерлерімізге де қолайлы жағдай болайын деп тұр, себебі кіріс көздері көбейеді, – дейді облыстық туристік ақпараттық орталықтың директоры Ұлан Жолдықұл.

Туризм саласының дамуы да көлік инфрақұрылымына тікелей байланысты. Өңірде биылдың өзінде саяхаттаушылардың саны екі есеге ұлғайып, 198 мыңды адамды құраған. Бұл өңір үшін көліктік-логистиканы дамытудың маңызды қадамы екендігінің тағы бір айғағы. Көлік-логистика инфра­құры­лымын дамыту жөніндегі жоспар­лардың көбі бүгінде «Нұрлы жол» мем­лекеттік бағдарламасы арқылы іске асырылады. Бағдарла­мада салаға қатысты біршама жоба көз­делген, олардың негізгі үлесінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жұмыстары қарастырылған. «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасындағы жобалардың біразы автомобиль жолдары саласында қолға алынған. Әрине, мемлекеттік бағдарламаның жобаларын жүзеге асыру зор әлеуметтік маңызға ие. Бүгінгі таңда осы шаралардың негізінде жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444