Табыс көзі – малда
Қазақ халқының қанына сіңген, қазақ қазақ болғалы бірге жасасып келе жатқан атакәсібі мал шаруашылығы екені даусыз. Дегенмен, ауылдағы ағайынның қорасында азын-аулақ мал ұстап, күнкөрістің қамын жасағанымен, түпкілікті малшаруашылығымен айналысып, кәсіп етіп, мал бордақылап, санын көбейтіп, одан табыс көзін тауып отырғандары көп емес.
Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы жиенқұмдық Өркен Үсіпәлиев сондай кәсіпкерлердің бірі. Қолында 700 бас уақ малы, он шақты сиыры, оншақты жылқысы бар ол — мал бордақылап, сатып, әр малдан 100 мың теңгедей таза пайда көретінін айтады. Одан бөлек 10 гектарға жоңышқа, 6 гектарға жүгері егіп, малына қыстық жем-шөп жинаса, мал азығы жеткілікті болған жағдайда қалғанын сатып та табыс көзіне айналдырады екен. «Еңбектенген екі асайды» дейтін азаматтың кәсібі — өзі жиған несібесі. Ешкімге алаңдамай, барлық күш-қуат пен ерік-жігерін білекке салып еңбек етіп отырған ол кісінің іс-әрекеті көпшілікке үлгі.
Жібек НҰРБАЙҚЫЗЫ.