Ордабасылық шаруалар 9 айда 25 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. 2018 жылдың 9 айында ауыл шаруашылық саласында 25 млрд. 849 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 150 млн. 800 мың теңге, нақты көлем индексі 101,5 пайыз, егін шаруашылығының өнімі 10 млрд. 608 млн. 500 мың теңге, нақты көлем индексі 107,3 пайыз және балық шаруашылығы 90 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерінің жалпы көлемі 208 мың 662 гектар, оның ішінде егістік жер көлемі 71 мың 273 гектар, жайылым 103 мың 992 гектар, көпжылдық қондырғылар 1 мың 490 гектар, тыңайған жер көлемі 18 мың 954 гектар. Үш жақты келісім бойынша 56 553 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, жоспар 102 пайызға орындалды. Сонымен қатар, биыл суармалы жердің көлемі 1 423,8 га-ға ұлғайтылды. Шаруалар тарапынан 63 дана техника жаңартылды. 9 айда жоспарлаған 18 гектар жылыжайдың 14,39 гектары іске қосылды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444