Келер жылдан бастап медицина құжаттары қағазсыз, цифрлық жүйеге көшеді

Бүгінгі заманның цифрлы технологиялары ұлттық эконо­микалардың бет-бейнесін жылдам өзгертіп жатыр және ол қо­ғамның барлық салаларына қа­тыс­ты. Сондай салалардың бірі – денсаулық сақтау саласы. Мем­лекет басшысы өзінің биыл­ғы Жолдауында да цифр­лы технологиялар арқылы ме­ди­циналық көмектің қолжетім­ділі­гі мен тиімділігін арттыру қа­жет екенін атап өтті. Тараз қаласында №4 қалалық емханаға (Almaz Mediсal Group) электрондық кезек енгізілді, сондай-ақ, барлық қалалық емханаларда электрондық кезекті енгізу жұмыстары жүргізілуде.  Елбасы Жолдауында денсаулық сақтау саласына да баса назар аударылып отыр. Бүгінгі күні медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында қаладағы №6 емхана ғимаратының жапсарлас құрылысы жүргізілуде және 2019 жылдың басында №2 қалалық емханада 40 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілетін болады.

Осы жылы №7 және №9 қалалық емханаларында отбасылық денсаулық орталықтарының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен бірге, қаланың алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында мобильді қосымша арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу жүйесі іске қосылды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында науқастарды басқару бағдарламасы енгізілді. Осы бағдарламаға жаңа тәсілдерді енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көбейту тапсырылды, – деген қала әкімі шаһарда 2019-2021 жылдары 5 спорт нысанының құрылысы жүргізілетіндігін айтты. Сонымен қатар, аталған уақытта дене шынықтырумен айналысу үшін демеушілер тарапынан 12 спорт алаңшасының құрылысы жүргізіледі дейді.

Айта кетейік, Елбасы Жолдауындағы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған тапсырмасына сәйкес, алдағы 5 жылда ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражат ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізілетін болады. Сонымен бірге, Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшетінін, 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізген болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444