Қазына қоржыны қомақты…
Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы жылдан жылға дамып келеді. Бюджеттің контингент бойынша 5 млрд. 434 млн. 617 мың теңгені құрап, жоспар 103,1 пайызға артығымен орындалып, 2017 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 103,3% немесе 171 млн. 304 мың теңгеге артып отыр. Оның ішінде жергілікті бюджетке 3 млрд. 883 млн. 888 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 103,7 пайызға орындалды. Есепті кезеңде бюджеттің шығыс бөлігі 7 млрд. 597 млн. 247 мың теңгені құрап, 100 пайызға игерілді. Жалпы өңірлік өнім биылғы жылдың 7 айында 129 млрд. 629 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен 2017 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 108,3% немесе 9 млрд. 919 млн. теңгеге артып отыр. Ауданға салынып отырған инвестиция көлемі де артып келеді. Ағымдағы жылдың 7 айында аудан экономикасына 18 млрд. 855 млн. 400 мың теңге инвестиция тартылып, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110% немесе 1 млрд. 709 млн. 800 мың теңгеге артып отыр. Оның ішінде: жергілікті бюджеттен – 601 млн. 400 мың теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен — 18 млрд. 106 млн. 800 мың теңге, банктердің кредиттері, шетел инвестициясы — 78 млн. 400 мың теңге, қарыз қаражаты көлемі – 68 млн. 800 мың теңгені құрады.