Жаңа технологияның артықшылығы көп

Түркістан облысында кәсіпкерлік саласы мықты дамыған аудандардың бірі Сайрам ауданы. Жылыжайлардың басым бөлігі, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары ең көп ауданның бірі саналады. Мал шаруашылығын дамытуға да күш салып отыр. Ет өндірумен қатар Сайрам ауданы сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда тұр. Оның үстіне, мемлекеттік бағдарламалармен алынып жатқан қаржыға, жергілікті кәсіпкерлер тек қана мал алуда. Аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса қиынға соғып отырған жоқ. Өйткені, Сайрам ауданында орналасқан 6 бірдей үлкен сүт өңдеу цехтары және Төлеби ауданының Көксәйек ауылында орналасқан «Фудмастер» ЖШС-і күнделікті тұрғындардың сүт өнімдерін қабылдайды.  Солардың ең ірісі «Сайрам сүт» серіктестігі. Қуаттылығы тәулігіне 20 тонна сүт өңделеді.одан кейін  «Балғын сүт» ЖШС, қуаттылығы тәулігіне 5 тонна сүт өңделеді. «Сайрам сүт» ЖШС бұл мүмкіндікке еліміздегі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қол жеткізген. Жеңілдетілген қаржыға Ресейден қондырғы алып, оның көмегімен 25 түрлі өнім шығарып жатыр. Зауыт облыстағы ішкі нарықтың 30%-ын қамтамасыз етеді.  Дайын өнімдер Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш, Төле би аудандарына сатылады. Сайрамның сүті мен айранын, майлы қаймағы мен құртын көрші облыстардағы дүкен сөрелерінен де көруге болады. Өндіріске қажетті сүт осы маңдағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Алдымен оны залалсыздандырып, сосын барып өңделеді. Бастысы, кәсіпорын экологиялық таза, қоспасыз өнім шығаруды қолға алған. Жаңа технологияның артықшылығы, сүтті ірітпейді, ешқандай қоспа қосылмайды. Қазір 25 түрлі өнім шығаратын кәсіпорынның өнімдеріне деген сұраныс та артқан.

 

kerekinfo.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444