ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІ КЕЗІНДЕ ЕЛОРДАМЫЗ АСТАНА ЖОЛДАРЫНДА КЕПТЕЛІСТЕР БОЛМАЙДЫ

Еліміз үшін аса маңызға ие 2017 жылдың 10 маусым 10 қыркүйек аралығында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде елорда жолдарында кептеліс болмайды. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Чупеков Елжан Қалиұлы мәлімдеді.

Чупеков Елжан Қалиұлы: — Жазғы демалыста астаналық оқушылардың басым көпшілігі және олардың ата-аналары қала сыртына немесе туристік орындарға қыдырып кетеді. Ал көрмеге келген қонақтардың, шетелдік туристертің көпшілігі жаяу болғандықтан, кептеліс болады деп қауіптенуге негіз жоқ. Оның үстіне Астана әкімдігі қаланың қоғамдық көліктерін жетілдіруге баса назар аударуда. Қазіргі таңда таксилік желілер әзірленуде. Көрме кезінде көлік ағынын бақылауда ұстаймыз.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласының әкімдігінде ЭКСПО қарсаңында қала көшелеріне жүргізілетін жөндеу жұмыстары туралы баспасөз мәслихаты өтті. Онда Астана қаласындағы жол жөндеу жұмыстарына 5,5 миллиард теңге бөлінгені және сәуір-мамыр айларында сол жағалау көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар көшелердің уақытша жабылатыны хабарланды. Одан өзге алдағы көрме кезінде қала ішіндегі жол қатынасы жайлы біршама хабарландырулар айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444