Индустриалды аймақтың аяқ алысы қарқынды

Бүгінде Түркістан жиһаз өндірушілердің орталығына айналып келеді. Мұнда сапалы жиһаз өндіретін шағын зауыттар көп. Шығарып жатқан өнімдері Италиялық бренд жиһаздардан бірде бір кем емес. Жыл сайын облыс орталығында өтетін көрме-жәрмеңкеге әкелген өнімдерін көріп тамсанбағандар кемде кем. Таза жібек матамен қапталған, корольдік стильде жасалған құны 1 миллион теңге тұратын жиһазды көріп «бізде де осындай жиһаз жасайтындар бар ма?» деп таңқалғандар да табылған. Түркістан қаласындағы индустриалды аймақт жиһаз жасап шығаратын фабрикалар көп. Бүгінде аталмыш аймақтың  аяқ алысы қарқынды. Бүгінде мұнда 10-ға тарта кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде. Олар үшін жергілікті билік тарапынан барлық жағдай қарастырылған. Қажетті инфрақұрылымдармен де қамтылған. Мемлекеттен қаржы алып, іс бастап отырған мекемелер бүгінде түтіні түзу ұшып, берекелі іс жасап отыр. «Кордиал» тауар белгісімен танылған жиһаз зауыты қуаттылығын арттырып, өндірісін өрлетіп келеді. Нәтижесі де жоғары. Елімізде мұнда жасалатын жұмсақ жиһаздарға сұраныс жоғары. Мұнда корпустық жиһаз жасап шығаратын зауыт өнімдерінің сапасы өте жоғары. Жиһаз өндірісінің орталығына айналып келе жатқан түркістандықтар көкөніс өнімдерінен бөлек, құрылыс материалдарын өндіруде аймақта көш бастап тұр. Жылыжай шаруашылығын алғам жылжытып отырғандардың қатары да артып келеді. Ауыз толтырып айтарлық жетістікке жеткен өндіріс орындары көп. Облыс орталығы болып үлкен мәртебеге қол жеткізіп отырған шақта алдағы уақытта бұдан да зор әлеуеті артары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444