Түркістан облысында 3 ауылға газ құбыры тартылады
Түркістан облысының Жетісай ауданында биыл 3 елді мекенге газ кіргізіледі. Қазір Ералиев ауылдық округіне қарасты Арай, Үтір төбе, Көктөбе ауылдарына құбыр тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көгілдір отын жеткізудің жалпы сметалық құны 432 млн теңге. Ауылдық округте бұған дейін газ мүлдем болмаған. Жергілікті жұрт қыстың көзі қырауда көмір жағып, күл шығарған кездерін қиналып еске алады. Ал аудандағы Ғани Мұратбаев ауылына газ келесі жылы тартылатын болды. Ондағы тұрғындармен келісімшарт жасалып, қажетті құжаттар тиісті орындарға жолданған. Әбдіхан Мұсаев, Үтір төбе ауылының тұрғыны: — Ал енді халық осы істеліп жатқан жұмыстың барлығына өте үлкен рахмет айтады. Біздің осы елді мекенде 283 үй бар. Барлығына да газ тартылады. Бұлардың құжаттарының барлығы жасалып, тиісті мекемелерге берілген. Қалмақан Ақышев, Ж.Ералиев ауылдық округінің әкімі: — Қалған 5 елді мекенге құжаттары дайындалып қойған, 2019 жылдан бастап, 2020 жылдың есінен кіргізіледі. Елбасымыздың тапсырмасының өзі 2022 жылға дейін халықты толық газбен, ауыз су мен толық қамтамасыз ету болып отыр, сол үшін 2022 жылы толық бітеді.